Ақтауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәреге жетті. Төрт күнге созылған байрақты бәсекеге Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 14 облысынан 273 татами шебері өзара бақ сынады.

Жарыс нәтижесінде жалпы медаль кестесінде Шығыс Қазақстан облысының командасы көш бастады. Олар 2 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлдені иеленген. Алматы қаласының спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 6 қола жүлдемен екінші орынға жайғасты. 2 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде иеленген Алматы облысының құрама командасы үздік үштікті қорытындылады. Ал қызылордалық дзюдошылар 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдемен үздік бестікке енді. Биылғы ел біріншілігі алғашқыда Атырау қаласында өтеді деп жоспарланған. Пандемияға байланысты уақыты мен өтетін орны елордаға ауыстырылған. Ақтауда өткізілу туралы шешім соңғы бір ай ішінде қабылданып, жарыс қарт Каспийде өтті.

Бәсеке барысында мына балуандар жеңіс тұғырынан көрінді:

Ерлер

60 келі: 1. Мағжан Шамшадин (Қызылорда), 2. Дамир Болатбеков (Алматы облысы), 3. Тоқтар Үмітәлиев (БҚО) пен Ержан Еренғайыпов (Қарағанды).

66 келі: 1. Данияр Шамшаев (Жамбыл), 2. Ғұсман Қырғызбаев (Алматы қаласы), 3. Айболат Ыстыбаев (Атырау) пен Ғұмар Қырғызбаев (Алматы қаласы).

73 келі: 1. Жансай Смағұлов (Қарағанды), 2. Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО), 3. Ерлан Серікжанов (ШҚО) пен Асқар Нарқұлов (Алматы қаласы).

81 келі:  1. Мәди Амангелдиев (Нұр-Сұлтан), 2. Абылайхан Жұманазар (Қызылорда), 3. Руслан Мұсаев (Маңғыстау) пен Ерахан Нұридин (Түркістан).

90 келі: 1. Дидар Хамза (Түркістан), 2. Ерсұлтан Мұзафаров (Шымкент), 3. Асланбек Сағитбеков (Қостанай) пен Әділет Мисин (Ақтөбе).

100 келі: 1. Ислам Бозбаев (Қарағанды), 2. Айбек Серікбаев (Қызылорда), 3. Серік Сәлменов (Павлодар) пен Арман Қалиев (Атырау).

+100 келі: 1. Әділ Оразбаев (ШҚО), 2. Ерасыл Қажыбаев (ШҚО), 3. Ғалымжан Қырықбай (Жамбыл) мен Еламан Ерғалиев (Қызылорда).

Әйелдер

48 келі: 1. Ақмарал Науатбек (Нұр-Сұлтан), 2. Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы), 3. Маргарита Бажаева (Қарағанды) мен Әбиба Әбужақынова (Атырау).  

52 келі: 1. Нұрсұлу Ералиева (Алматы облысы), 2 Анна Казюлина (Маңғыстау), 3. Гүлдана Алмаханбетова (БҚО) мен Құндыз Жылқыбай (Қызылорда).

57 келі: 1. Севара Нишанбаева (Шымкент), 2. Бақыт Құмақбаева (Ақтөбе), 3. Нұржамал Жарманова (Ақтөбе) мен Гүлназ Нұридинова (Алматы облысы).

63 келі: 1. Иоланта Бердібекова (Алматы қаласы), 2. Кристина Сотникова (ШҚО), 3. Саера Мырзахметова (Алматы қаласы) мен Зарина Сарипова (ШҚО).

70 келі: 1. Зере Бектасқызы (ШҚО), 2. Перизат Жақыпбекова (Түркістан), 3. Жанар Қашқын (Алматы облысы) мен Даяна Талғат (Алматы қаласы)

78 келі: 1. Зарина Райфова (Алматы қаласы), 2. Назерке Тілеуханова (ШҚО), 3. Мадина Парагулгова (Алматы қаласы) мен Аяла Мереке (Ақтөбе).

+78 келі: 1. Камила Берліқаш (Алматы облысы), 2. Назгүл Маратова (СҚО), 3. Ақмарал Рамазанова (Алматы қаласы) мен Нұрғаным Тұршабекова (Қызылорда).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!