Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы қола жүлдемен қорытындылады. Қоржынға түскен жалғыз қоланы Сыр балуаны Айдос Сұлтанғали еншіледі. Айдос жартылай финалға дейін алқынбай жеткен. Алайда жерлесіміз финал жолдамасы үшін таласта қырғыз балуаны Жоламанға жол беріп, үздік үштік үшін венгр апайтөсі Кристиан Кечкеметті 7-1 есебімен айқын жеңді. Осылайша Айдос үздіктер қатарына еніп, 4 жыл бұрынғы Алмат Кепісбаевтың әлем чемпионатындағы жүлдесін қайталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!