11-12 наурыз аралығында Астана қала­сында мастерс санатында жеңіл атлетикадан спорт ардагерлері арасында Қазақстан Рес­пуб­ликасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Сыр елінен барған он спортшы 45 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 28 алтын, 13 күміс және 4 қола медаль.
Жарыстың ең үлкен қатысушысы 75 жастағы Ким Александр облыс қоржынына 6 медаль әкелді.
Юнгкинд Ирина осы жарыстарда ең көп медаль жеңіп алды. Ол өз ретінде жеңіл атлети­каның 9 түрінен өнер көрсетіп, 9 медалді қоржынға салды.
Мян Алла 70-74 жас санатында 5 алтын медаль иеленді. Жалағаш ауданынан Гүлдана Қапбарова 5 медаль жеңіп алды. Омарова Малика 4 түрлі деңгейдегі 4 медаль жеңсе, Қазалы ауданынан Қарабалаев Мирамбек пен Жанпейісов Тасболат 4 медалға қол жеткізді.
Қызылорда спортының ардагері Сергей Ме­­ща­нинов 3 медаль, Сырдария ауданынан Райымқұлова Эльмира 3 медаль жеңіп алса, 65-69 жас аралығында өнер көрсеткен Барсукова Людмила 2 медалді еншілеген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!