Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында ұйымдастырылған баскетболдан аймақтық спартакиадада Қызылорда қаласындағы NIS-тің қыздар командасы жүлделі 3-орынды иеленді. Абай Нұрлыбек – «Үздік ойыншы» , ал Нұрсәт Сражадин – «Үздік ортаңғы ойыншы» номинаияларымен марапатталды.
Қостанай өңірінде өткен спорттық жарысқа Қызылорда, Қарағанды, Шымкент және Алматы қалаларының қыздар мен ұлдар командалары қатысты. Ерекше достық асмотферасын сезіндірген ойыншылар жанкүйерлеріне қызықты ойын-өрнегін көрсетті. Нәтижесінде ұлдар арасында І-орынды Алматы қаласындағы физико-математика бағытындағы NIS-тің командасы иеленсе, ІІ және ІІІ-орындарды қарағандылық ойыншылар мен Шымкенттегі физика-математика бағытындағы мектептің командасы бөліп алды.
Қыздар арасында шымкенттік физика-математика бағытындағы NIS сұлулары жеңіс тұғырынан көрінсе, екінші орынға тең ұпай алған қарағандылық команда орналасты және жүлдегерлер үштігіне сырбойылық арулар енді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!