фото: Sports.kz
Қазақ хоккейінің аты аңызға айналған cпортшысы Талғат Жайлауов «Барыс» сапында 3х3 лигасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұл туралы инсайдер Артур Хайруллин өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Өскемендік түлек астаналық «Барыс» сапында 12 маусым өткізді. Оған дейін 5 жыл бойы «Қазцинк-Торпедоның» намысын қорғады. Форвард Қазақстан құрамасы сапында 9 әлем чемпионатында да өнер көрсетті. Хоккейшінің соңғы клубы 2020-2021 жылғы маусымда «Сарыарқа» болды.
Ойындық мансабын аяқтаған Талғат Жайлауов «Номад» пен «Барыста» жаттықтырушы, «Сарыарқа» клубының директоры қызметін де атқарды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!