Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қыркүйек айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін нақтылады.
Қазақстан футбол федерациясы мәлімдегендей, 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына келесі ойыншылар шақырылды.
Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Игорь Щацкий («Шахтер»).
Қорғаушылар: Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де – «Қайрат»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Сергей Малый, Александр Марочкин, Руслан Валиуллин (барлығы – «Тобыл»), Темірлан Ерланов, Юрий Логвиненко (екеуі де – «Ақтөбе») Әлібек Қасым («Қызыл-Жар СК»), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»).
Жартылай қорғаушылар: Владислав Васильев («Андижан», Өзбекстан), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов, Азат Нұрғалиев (барлығы – «Тобыл»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»).
Шабуылшылар: Айдос Тәттібаев («Шахтер»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Абат Айымбетов («Астана»).
Қосалқы құрам:
Қақпашы: Дмитро Непогодов («Астана»);
Қорғаушылар: Михаил Габышев («Шахтер»), Нұрлан Дайыров («Қызыл-Жар СК»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Бағдат Қайыров («Тобыл»).
Жартылай қорғаушылар: Максим Федин («Ақтөбе»), Бауыржан Байтана («Тараз»).
Шабуылшылар: Роман Мұртазаев («Балтика», Ресей), Оралхан Өміртаев («Шахтер»).
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!