Фото: angelina_lukas1997/ Instagram
ІВО тұжырымы бойынша екінші аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Ангелина Лукас өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айтты, деп Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ангелина Лукас жігіттер қауымының өзімен танысуға батылы жете бермейтінін айтты.
«Әдетте мені көріп қалса, суретке түсу туралы ғана өтініш білдіреді. Алайда таныса бермейді, ыңғайсызданатын болса керек. Әлде қорқа ма екен, білмеймін. Көбі боксшы қыздармен танысуға жүрексінеді, былғары қолғап киген адам өмірде де агрессияға бейім деп ойлайтын болар», – деді Ангелина Лукас.
Сондай-ақ ол өзіне қандай жігіттер ұнайтыны туралы сауалға да жауап берді.
«Жігітім бар, ол да боксшы. Өзім осы салада жүргендіктен шығар, спортшылар жаныма жақынырақ. Басқа саладан болса да, қарым-қатынаста ең алдымен түсіністік керек. Сені шын түсінетін адамның қасыңда болғаны жақсы ғой», – деді боксшы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!