Қазақстан құрамасы еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарыс Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатыр.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Едіге Қасымбек қарсыластарына дес бермей, әлем чемпионы атанды. Финалда ол ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадты 4:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, отандасымыз турнирдің 1/8 финалында моңғолиялық Нарантулга Дармаабазарды 15:12 есебімен жеңді.
Ширек финалда ол оңтүстіккореялық Байджун Джангты 6:0 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда америкалық Коул Мирасоланы айқын басымдықпен ұтып, белдесу мерзімінен бұрын 11:0 есебімен аяқталды.
Сонымен қатар, әлем чемпионатын Досжан Құлғайып (74 кг) пен Самир Дұрсынов (97 кг) қола медальмен аяқтады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!