фото: sportplustv.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мөлдір Әшірбекова ММА IMMAF бойынша ел тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазір Ташкентте Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының (IMMAF) қамқорлығымен аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Мөлдір Әшірбекова 74,8 келі салмақта өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақты.

Ширек финалда қазақстандық қыз анголалық Эсперанса Чилаланы 17:5 есебімен ұтса, жартылай финалда тағы бір анголалық Джорджина Людмиланы да айқын басымдықпен (11:1) жеңді.

Содан кейін Мөлдір Әшірбекова финалдық кездесуде мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, 13:1 есебімен жеңіске жетті.

Мөлдір – Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы. Бұл – тарихи жеңіс, – деп хабарлады Қазақстан аралас жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!