SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақ спорт және туризм академиясында «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке ректорлық грант табысталды.

Салтанатты рәсімде Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ректорлық грант сертификаттарын бірден үш жас спортшыға — қақпашы Темірлан Анарбековке, жартылай қорғаушы Олжас Байбекке және шабуылшы Мансұр Бірқұрмановқа табыс етті.

Академия басшылығы грант иегерлерінің болашағынан зор үміт күтетінін атап өтті. Білім ордасының мәліметінше, бұл бастама жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың басымдықтарымен толық үйлеседі.

Оқу ордасында спортта да, білім алуда да жоғары нәтиже көрсетіп жүрген студенттерге жан-жақты қолдау көрсету тұрақты түрде жалғасатыны айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай ректорлық грант «Қайрат» клубының тағы бір қақпашысы — Шерхан Қалмырзаға берілген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!