фото: Aikyn.kz

Қазақстан теннисіндегі үздік ойыншылардың бірі 18 жастағы Әмір Омарханов 24 қаңтар күні Испанияның Манакор қаласында өткен ITF M15 санатындағы турнирде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жұптық разрядтың финалында Әмір америкалық Гэвин Янгпен бірге өнер көрсетті. Шешуші матчта олар австралиялық Тай Хост пен ресейлік Егор Плешивцевты 5:7, 6:3, 10:8 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Турнир барысында Омарханов пен Янг испаниялық Уго Гарсия Гомес / Карлес Рохас жұбын (6:1, 6:4), сондай-ақ Мотохару Абэ (Жапония) / Андрес Флорес Авила (Мексика) дуэтін (5:7, 6:2, 10:7) және Ұлыбритания өкілдері Джо Лизер / Маркус Уолтерсты (6:2, 6:3) жеңді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!