Sputnik. Қазақстандық, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W50 турнирінде топ жарды.

Қазақстандық теннисші финалда жапониялық, әлемнің 288-ракеткасы Аяно Шимицумен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда жергілікті спортшы 2:0 есебімен алға шыққанымен, Зарина таразы басын аудара білді – 6:4.

Екінші сетте де Шимицу 2:0, 3:1 есебімен алға кетті. Бірақ Зарина бұдан кейін қарқын қосты – 6:3.

Финалдық бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды.

Айта кетері, теннисші жарақатына байланысты екі жыл өткізіп, 2024 жылдың мамырында ғана кортқа толық оралды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!