Қазақстан командасы өз тарихында алғаш рет United Cup туринирінің ширек финалында ойнайды. Бүгін Австралияда «С» тобының қорытынды ойынында Грекия командасынан басым түсті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Қазақстан теннис федерациясының (ФТК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Александр Шевченко әлемнің 11-ші ракеткасы Стефанос Циципасты сенсациялы түрде жеңді. Есеп – 6:4, 7:6 (7:0).
Ал екінші кездесуде Елена Рыбакина Мария Саккариді 6:4, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді.
Осыған дейін Қазақстан құрамасы осы турнирде Испанияны жеңген болатын.
Осылайша, қазақстандық команда бірінші орынмен 1/4 финалға шықты, енді 2025 жылдың 1 қаңтарында Е тобының жеңімпазымен (Қытай, Бразилия және Германия, өткен жылғы турнир жеңімпазы) ойнайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!