Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар алғашқы жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерлер арасындағы кездесулерде:

Оразбек Асылқұлов (60 келі) қырғызстандық Мирзохид Имамназаровты жеңді;

Төрехан Сабырхан (70 келі) оңтүстіккореялық Ким Джун Суды ұтты;

Ал Дулат Бекбауов (65 келі) келесі кезеңге жекпе-жексіз өтті, себебі оның қарсыласы айқастан бар тартты.

Әйелдер арасында:

Виктория Графеева (60 келі) оңтүстіккореялық Юн Джи Охты төрешілер шешімімен жеңіп, жарысты сәтті бастады;

Ал Сымбат Алиасқар (54 келі) жапониялық Микото Харададан бір ауыздан қабылданған шешіммен жеңіліп, Қазақстан құрамасының турнирдегі алғашқы жеңілісіне себеп болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!