Фото: ҚБФ
Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Черногорияның Будвада қаласында жастар арасындағы әлем чемпионатында тамаша өнер көрсетіп жатқан Төрехан Сабырхан жартылай финалға жолдама алды. 67 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз алғашқы екі кездесуін айқын ұтып, ширек финалда да өзбекстандық былғары қолғап шеберіне еш мүмкіндік бермеді.
Төреханнан бөлек, сегіз боксшымыз жартылай финалға шықты. Ерлер құрамасынан Диас Берікбай (48 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг) және Расул Асанханов (-92 кг) енді финалға жолдама алу үшін жұдырықтасады. Қыздар құрамасынан Әнел Абдрасилова (48 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жаңабаева (63 кг) және Аружан Зейноллаева (81 кг) жартылай финалда өнер көрсетеді.
Айта кетейік, бүгін жартылай финалдың жолдамасын тағы тоғыз боксшымыз сарапқа салады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!