фото: Спортты дамыту дирекциясы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Загреб қаласында өткен күрес түрлері бойынша Әлем чемпионатындағы жоғары жетістіктері үшін бірқатар спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 1bol.kz.

«Құрмет» орденімен марапатталды:

Айдос Сұлтанғали – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы;

Нұрқожа Қайпанов – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы;

Камал Гаджимагомедов – ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының жаттықтырушы-оқытушысы.

 «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді:

Асылжан Есенгелді – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы;

Еркебұлан Кешубаев – Алматы қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушысы.

Президенттің Алғысы жарияланды:

Юрий Мельниченко – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының жаттықтырушысы.

Айта кетейік, 60 келіге дейінгі салмақта күрескен отандасымыз финалда Өзбекстан балуаны Алишер Ганиевті 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша әлем чемпионы деген атақты иеленді.

Айдос Сұлтанғали бұған дейін 2018 және 2022 жылдары екі мәрте Әлем чемпионатының қола жүлдесін алған.

Соңғы рет қазақстандық балуандар грек-рим күресінен 1999 жылғы Әлем чемпионатында алтын медаль иеленген еді. Ол кезде 63 келіге дейінгі салмақта Мхитар Манукян чемпион атанған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!