Фото: Olympic.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров Олимпидада бесінші орын алған Абиба Әбужақыноваға қолдау білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ол Абибаға жазба арнап, өз атынан сыйақы беретінін айтты. 

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп – Абиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Абиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Жалғастырайық, қазақтың жігіттері!» – деді Қожаназаров.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!