Фото: Ашық дереккөзден
Футболдан түркиялық жас футболшы үздік өнер көрсетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы 1bol.kz-ке сілтеп.
Матч алдында футболшыға әйгілі Анчелотти хат жазып, қолдауын білдіргені белгілі болды. Арда Гүлер матч барысында Еуропа чемпионатының рекордын жаңартты.
Еуропа чемпионатының бесінші ойын күнінде F тобындағы Түркия құрамасы Грузиямен кездесіп, 3:1 есебімен қарсыластарынан басым түсті.
Ал түркиялық спортшы Гүлер 26 метр қашықтықтан доп теуіп, қақпашыны айналып барып қақпа торында кірген. Осылайша ол Еуропа чемпионатындағы дебют матчында гол соққан ең жас ойыншы атанды. Оның жасы 19-да. Ол 119 күннен кейін осындай гол салып тұр. Ал әйгілі футболшы Криштиану Роналду мұндай голды 19 жас, 128 күнде салған.
Арда Гүлер рекордты жаңартып отыр.
«Керемет сезімді бастан кешірдім. Өмір бойғы арманым ғой. Маған махаббат сыйласа, соның өтеуін қайтару үшін барымды салып жатырмын», – деді футболшы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!