Қызылорда облысының спорт саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан азамат Болат Бакуовтың 50 жас мерейтойына арналған үстел теннисінен ересектер арасындағы халықаралық турнир өтті.
Болат Бакуұлы – спорт саласын, оның ішінде үстел теннисі бағытының дамуына өлшеусіз үлес қосқан азамат. 2007 жылдан бері аталмыш спорт түрін өңірде насихаттап, 2019 жылы Қызылорда облыстық үстел теннис федерациясының құрылуына себепкер болып, 2022 жылға дейін басшылық етті. Қазіргі таңда Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Дене тәрбиесі және АӘД» пәнінің төрағасы қызметін атқарады.
Ашылу рәсіміне облыстық дене шынықтыру,спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов және Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, облыстық үстел теннисі федерациясының президенті Абзал Ералиев қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ Жігер Оңдасынұлы басқарма басшысының атынан Болат Бакуовты арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
Турнирге Өзбекстан мен Қырғызстаннан, сондай- ақ еліміздің бірнеше өңірінен 17 команда, 150-ге жуық спортшы қатысты.
Нұр БАҚЫТ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!