Қызылордада мәнерлеп сырға­наудан Қазақстан кубогы мәресіне жетті. Беделді бәсекеде Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары және Алматы, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе және Атырау облыстарынан 63 спортшы бақ сынады.
Салтанатты шарада Парламент Мәжілісі­нің депутаты, Ұлттық конькимен жүгіру феде­рациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Андрей Линник, «Абзал және К» толық серіктестігінің директоры, облыстық конь­ки тебу федерациясының президенті Мағжан Ералиев, Элизабет Тұрсынбаева қорының пре­зиденті Байтақ Тұрсынбаев, облыстық де­не шынықтыру және спорт басқармасының бас­шысы Асылжан Жаманқұл жеңімпаздарды ма­ра­паттау рәсіміне қатысты.
Жалпыкомандалық ұпай бойынша Қараған­ды облысы көш басына шықты. Одан кейінгі орындарды Нұр-Сұлтан және Алматы қала­ла­рының спортшылары өзара бөлісті. Жерлестері­міздің де жарыста мерейі үстем болғанын айту керек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!