Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды KAZINFORM.

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Хальзова ширек финалда оңтүстіккореялық Суен Сонмен кездесіп, алғашқы раундтан бастап басымдық танытты. Ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осы нәтижесінің арқасында Хальзова кем дегенде қола медальға ие болды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!