Фото: olympic.kz

Қазақстанның велотрек құрамасы Филиппиннің Тайгатай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы өнерін жалғастыруда. Велотректен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы үш медаль еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Әйелдер арасындағы жеке қуу жарысында Рината Сұлтанова қола жүлдеге ие болды.

Әлішер Жұмақанов ұпай бойынша топтық жарыста екінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Спортшылар мэдисон сайысында күміс медаль жеңіп алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!