фото: egemen.kz

Отандасымыз Виктор Друзин Франция астанасы Парижде өтіп жатқан көркем жүзуден жылдың алғашқы Әлем Кубогында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық құрама спортшысы еркін бағдарламада төрешілерден 127.2000 балл алды. Күміс 126.670 ұпайы бар Мариос Кристаста (Грекия). Үздік үштікті тағы бір Грекия спортшысы түйіндеді.

Еске сала кетейік, осы жаттығудың техникалық бағдарламасында су спортынан тұңғыш әлем чемпионымыз Эдуард Ким күміс жүлдеге қол жеткізген.

Осымен Париждегі жарыс аяқталды. Ел намысын барлығы 24 спортшы қорғады. Барлығы 22 елден келген 167 спортшы сынға түсті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!