SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Лондондық «Челси» клубының бұрынғы футболшысы Виктор Мозес Қызылордаға келіп, жергілікті «Қайсар» командасымен келісімге отырғаны хабарланды.
35 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы еркін агент мәртебесінде «Қайсарға» ауысып отыр. Келісімшарт ұзақтығы — бір жыл.
Мозес футболдағы мансабын «Кристал Пэлас» клубында бастап, кейін «Уиган Атлетикке» ауысты. Сол кезеңде оның шеберлігі «Челси» клубының назарын аударды. Оның ең табысты кезеңі 2016/17 маусымына сәйкес келеді: Антонио Конте бапкер болған уақытта командамен бірге Англия премьер-лигасын жеңді. Сонымен қатар «Челси» сапында Еуропа лигасы мен Англия Кубогын да жеңіп алды.
Футболшы сонымен қатар «Ливерпуль», «Сток Сити», «Вест Хэм», «Фенербахче», «Интер», Мәскеудегі «Спартак» және «Тутон Таун» командаларында ойнаған тәжірибеге ие.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
