Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 1 курс оқитын студент қыздар арасында волейболдан турнир өтті. Экономика және құқық институтының ұйымдастыруымен өткен турнирге 7 команда қатысып, бақ сынады.
Институт директоры Нұрлан Құлмырзаев, директор орынбасары Айболат Ертайұлы шараның тұсауын кесіп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
«Қоғамда тұлға болып қалыптасу, белсенді өмір студенттік шақтың алғашқы жылынан басталады. Спортты жанына серік етіп, білім мен дамуды қатар алып жүрген қатысушыларға сәттілік тілеймін. Алдағы уақытта да мұндай шаралар легі жалғасады», – деді Айболат Жүсіпов.
Турнир нәтижесі бойынша жүлделі І орынға СР-22-5 тобы ие болса, ІІ орынға Ю-22-1,5 тобы жайғасты. Үздік үштікті СР-22-3 тобы қорытындылады. Ал топ ішінен дараланып, көзге түскен Кәмила Сариева, Құндызай Батырбек, Ділназ Жарқынбекқызы, Нұрсұлу Нұралиева «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!