SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, WBO желтоқсан айының ресми рейтингін жаңартты. Рейтингке үш қазақстандық боксшы енген.

Екінші орта салмақта Әли Ахмедов өз позициясын сақтап, 15-орында тұр. Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зауырбек 14-орында, бұл көрсеткіш өткен айдан өзгерген жоқ.

Орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз титулын сақтап қалды. Сол арқылы WBO боксшыны әлі титулдан айырмағанын көрсетті. Сонымен қатар, Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша да әлем чемпионы мәртебесін сақтап отыр. Дегенмен, The Ring журналы оны өз рейтингінен шығарған.

Жәнібек Әлімханұлының мансабында маңызды шешім 2026 жылдың 8 қаңтарында қабылданады. Сондай-ақ сол күні В допинг-сынамасы ашылады. 

Бұған дейін қараша айындағы дайындық барысында Жәнібек Әлімханұлынан алынған А допинг-сынамасы мельдонийге оң нәтиже көрсеткені белгілі болды. Қазақстандық кәсіпқой бокс федерациясы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады. Ал боксшының командасы Әлімханұлының допинг қолданғаны туралы айыптарды жоққа шығарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!