УЕФА Чемпиондар лигасының Instagram-дағы ресми парақшасы жалпы кезеңнің үздік футболшылар топтамасын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Мбаппе, Эрлинг Холанд, Харри Кейн және Витинья секілді есімдері әлемге әйгілі футболшылар бар тізімге Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков те енді.

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, бірнеше рет үздіктер топтамасынан табылды. Ол Чемпиондар лигасының алтыншы турынан кейінгі статистика бойынша ең жоғары рейтингке ие болған футболшылардың тізімінде көш бастады.

Сондай-ақ Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Олимпиакос» матчында үздік ойыншы атанды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!