Уимблдон чемпионы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) штаб-пәтерінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, 23 жастағы теннисші Еуропаның бас клубтық турнирі – Чемпиондар лигасының трофейімен суретке түсті.

«Тамаша тәжірибесі мен жылы қабылдағаны үшін УЕФА-ға мың алғыс», – деп жазды қазақстандық теннисші Instagram парақшасында. Е.Рыбакина Уимблдоннан кейінгі алғашқы жарысын АҚШ-та өткізеді.

Ол 1-7 тамызда болатын Сан-Хосе WTA 500 турнирінде бақ сынайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!