Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында бүгін, 31 наурызда ел құрамасының бір боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды KAZINFORM.
Отандастарымыздың арасынан Римма Волосенко (60 келі) 1/8 финалда үндістандық Приямен қолғап түйістіреді. Олардың жекпе-жегі бесінші жұпқа белгіленген.
Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрлықтық дода 10 сәуірге дейін созылады. Онда еліміздің атынан барлығы 20 боксшы (ерлер – 10, әйелдер -10) аттанды.
Қазірге дейін ел құрамасынан Жазира Орақбаева (51 келі, Элина Базарова (54 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Елдос Сайдалин жетекшілігімен құрлықтық додаға Жазира мен Элинадан өзге былғары қолғап шеберлері қатысатын болды. Олардың қатарында Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Лаура Есенкелді (65 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) бар.
Алдағы Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбайдан өзге ел құрамасында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) сынға түседі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!