Фото: ҚТФ

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, – деп хабарлады Kazinform.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 12-орнында қалса, Юлия Путинцева 43-тен 46-ға сырғыды.

Тағы бір қазақстандық Зарина Дияс 269-дан бірден 251-орынға (+18) көтерілді. 
Жібек Құламбаева 292-ден 294-ке төмендеді.

ТОП-3-те бұрынғыша белоруссиялық Арина Соболенко, америкалық Кори Гауфф және Польша өкілі Ига Швентек келеді.

Жұптық сында Анна Данилина 10-орнын сақтаса, Ю.Путинцева 57-ден 59-ға түсті. Ж.Құламбаева 128-ден 126-ға шықты.

Вашингтон турнирінде жұптық сында да жартылай финалға дейін жеткен Е.Рыбакина соның нәтижесінде 569-дан бірден 273-сатыға (+296) шарықтады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!