Фото: instagram.com/zarinadiyas
Қазақстандық, әлемнің 488-ракеткасы Зарина Дияс Кайсери (Түркия) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды KAZINFORM.
Қазақстандық теннисші ширек корт иесі Дениз Дилекпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Зарина бет қаратпады – 6:0. Екінші сетті де көпке ұзатпады – 6:2.
Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Зарина 7 брейк жасап үлгерді. Дилек 2 брейкпен көзге түсті.
Зарина Дияс финалға шығу үшін рейтингіде өзінен үш саты жоғары тұрған ресейлік Екатерина Маклаковамен таласады. Ол бір сағат 50 минутта әлемнің 249-ракеткасы, словениялық Далила Якуповичтен айласын асырды – 1:6, 7:6 (7:0), 6:2.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!