Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасындағы жекпе-жектің өтетін күні белгілі болды.

Басылымның Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап жазуынша, кездесу 21 мамыр күні өтеді деп жоспарлануда. Дегенмен жекпе-жектің өтетін жері белгісіз. Боксшылар WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Осы ретте Жәнібек Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасында жазба жариялап, әлем чемпионы белбеуінің иегері атанатын күн алыс емес екенін жазды. «Бұйырса әлем чемпионы белбеуін елге алып қайтамыз! Ол күнге де санаулы ай қалды! Жоспар көп, мақсат айқын! Бірлік бар жерде тірлік бар!», – дейді ол. Айта кетейік, бұған дейін боксшының менеджері Берік Сұлтан Жәнібекке WBO жаңа қарсылас тағайындағанын, ол британиялық Дэнни Дигнум екенін мәлімдеген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!