KAZINFORM — The Ring журналы салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазды Sports.kz.
Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы көшбасшылық орнын (17-0, 12 KO) сақтап қалды. Ол WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие.
Рейтингтің келесі орындарында:
Карлос Адамес (Доминикан Республикасы, 24-1-1, 18 KO) — WBC чемпионы
Хамза Шираз (Ұлыбритания, 21-0-1, 17 KO)
Эрисланди Лара (Куба, 31-3-3, 19 KO) — WBA чемпионы
Жәнібек соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы 5 сәуірде Астанада өткізді. Ол француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта нокаутпен жеңді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!