KAZINFORM – Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11КО) 5 сәуір күні Астана қаласында өтетін бокс кешіне билеттер сатылымға шықты.
Яндекс афиша сайтындағы билеттердің құны 20 мың теңгеден басталып, ең қымбаты 255 мыңтеңгеге бағаланып отыр.
Айта кетерлігі, бокс кешін қазақстандық Nomad Promotions компаниясы ұйымдастырып, ESPN телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінде Анауэль Нгамиссенгуге (14-0, 9КО) қарсы чемпиондық белдіктерін қорғайды.
Аталған бокс кешінде бүгінде ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүрген ағайынды Сабырхандар шаршы алаңда кәсіпқой бокста бақтарын сынап көрмек.
Ағайынды боксшылардың қарсыласы әзірге анықталмаған.
Сондай-ақ, осы күні Сұлтан Зауырбек пен Батыр Жүкембаев та бокс кешінің көрігін қыздырады деп жоспарланып отырғаны белгілі болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!