Іnbusiness.kz. Бүгін, желтоқсанның 28-нен 29 қараған түні қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов Чехияның Прага қаласында өтетін Oktagon 81 турнирінде чехиялық Давид Дворжакпен чемпиондық жекпе-жек өткізеді.

Жұмағұлов пен Дворжак Oktagon лигасының ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін октагонға шығады. Қазіргі таңда бұл белбеу қазақстандық спортшыға тиесілі. Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен шамамен 02:00-де басталады.

Соңғы рет Жалғас Жұмағұлов чемпиондық атақты маусым айында жеңіп алды. Ол грузин Бено Адамияны (12-9-2) жеңді. 
Ал Давид Дворжак қыркүйек айында Мохаммед Валидті (8-5) бірінші раундта нокаутпен жеңген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!