Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында өткен «Қайрат» пен «Селтик» футбол матчы ешқандай құқықбұзушылықсыз өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілді?
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ойын кезінде стадион аумағы мен оған іргелес аумақтарда тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін шамамен 2 мың полиция қызметкері жұмылдырылды. Жеке құрамның үйлесімді жұмысының арқасында матч барысында ешқандай төтенше жағдай болған жоқ.
Жанкүйерлердің мәдениеті
Полицияның мәліметінше, жанкүйерлер тәртіп сақтап, командаларды спорттық бәсекелестік рухында қолдады. Азаматтардың өзара құрметі мен тәртіп сақшыларының кәсіби әрекеті жағдайды тұрақты ұстауға ықпал етті.
«Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына саналы көзқарасы мен ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!