Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде Жанқош Тұраров жапондық қарсыласы Акихиро Кондоны ойсырата жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы
Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында осыған дейінгі барлық айқастарында қарсыластарына есе жіберіп көрмеген отандасымыз Жанқош Тұраров пен 37 рет қарсыласын тізе бүктірген жапондық танымал боксшы Акихиро Кондо IBO World пен WBA Gold World әлем чемпионы белдіктерін сарапқа салды.
Нәтижесінде 118:110, 120:108, 118:110 есебімен Жанқош Тұраров жеңіске жетті. Ол осылай бірінші жартылай орта салма қтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғап, вакантты WBA Gold титулын жеңіп алды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!