фото: ашық дереккөзден алынды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраров кезекті жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
“Жақында келесі жекпе-жегімнің қайда және кіммен өтетінін жариялаймын”, — деп жазды Тұраров өзінің Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет осы жылдың 5 қыркүйегінде филиппиндік Али Канегаға (12-2-1, 8 КО) қарсы қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында Канеганы 3 рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде, Жанқош Тұраров төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
Естеріңізге салсақ, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокста барлығы 28 жекпе-жек өткізіп, бәрін де айқын басымдықпен ұтқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!