Ел спортшылары Олимпиада маусымына тартысты жолын жалғастыруда. Мамыр айы қазақстандық спортшылар үшін әлемдік және халықаралық, сонымен қатар республикалық бірқатар маңызды жарыстарға толы. Осы айдың басында Қазақстан құрама командалары Олимпиадалық іріктеу додаларында топ жарып, бірнеше жолдамаға иелік етті. Отандық атлеттер әрі қарай да жолдама жолындағы жорығын жалғастырады. Мамыр айында өтетін маңызды жарыстарға тоқталсақ.

Садақ атудан әлем кубогінің екінші кезеңі басталды. Аталған дода 23 мамырға дейін Швейцарияның Лозанна қаласында жалғасады. Бұл жарыс садақшылар үшін әлемдік рейтингте ұпай беретін соңғы мүмкіндік болады. Классикалық садақ ату бойынша Қазақстан сапынан бірнеше спортшы ел намысын қорғайды. Атап айтсақ:

Ерлер: Ильфат Абдулли, Санжар Мұсаев, Сұлтан Дүзельбаев, Денис Ганькин. Әйелдерден: Анастасия Баннова, Алина Ильясова, Фарида Түкебаева.

Айта кетейік, садақ атудан Қазақстан құрамасы маусымға жаңа садақтармен Алматы облысында дайындалды.

 Атырауда бокстан V жастар ойындары өтеді V жастар ойындары аясындағы бокс бәсекелері 17-23 мамыр аралығына жоспарланған.  Сайыс 2003-2004 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында 11 салмақ дәрежесі бойынша ұйымастырылады. Онда еліміздің барлық өңірлерінен 370-ден астам былғары қолғап шеберлері бақ сынайды.

21-22 мамыр күндері таеквондодан Иорданияның Амман қаласында Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі өтеді. Құрлықтық іріктеу додасына Қазақстан құрамасынан Фариза Алдоңғарова, Жансель Дениз, Қайрат Сарымсақов пен Руслан Жапаров қатысады.

 Ауыр атлетикадан жасөспірімдер әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі. Санаулы күндерден соң Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. 21-31 мамыр күндері өтетін жарысқа қатысатын Қазақстан командасының құрамы төмендегідей:  Жасөспірім ұлдар:  Абылай Әуелханов (55 келі), Алексей Дроздов (61 келі), Ақмола Сайрамкез (67 келі), Сайхан Тайсуев (73 келі), Рахат Бекболат (102 келі). Жасөспірім қыздар: Гүлнұр Ыбырай (64 келі), Айсамал Сансызбаева (87 келі).

 Бокстан Азия чемпионаты: Олимпиадашылар құрлықтық біріншілікті бағындыруға барады. 21 мамыр мен 1 маусым аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы: 49 келі: Даниял Сәбит, 52 келі: Сәкен Бибосынов, 56 келі: Сабырхан Махмұд, 60 келі: Серік Теміржанов, 64 келі: Закир Сафиуллин, 69 келі: Абылайхан Жүсіпов, 75 келі: Әбілхан Аманқұл, 81 келі: Бекзад Нұрдәулетов, 91 келі: Василий Левит, +91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев. Әйелдер: Алуа Балқыбаева (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Кухта Владислава (57 кг), Римма Волосенко (60 келі), Милана Софранова (64 келі), Валентина Хальзова (69 келі), Марина Вольнова (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!