Бейжіңдегі қысқы Олимпиада 4-20 ақпан аралығында өтеді. Алайда бірінші бәсеке 2 ақпанға жоспарланған. Осы орайда биатлоншылардың Олимпиададағы жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз.
Қысқы Олимпиададағы биатлоншылар бәсекесі 5-19 ақпан аралығында өтеді. Спортшылар 11 жүлде жиынтығын сарапқа салмақ. Биатлоннан жарыс өтетін күн – 5 ақпан. Аралас эстафета – 7 ақпан, әйелдер арасындағы жекелей сын – 8 ақпан, ерлер арасындағы жекелей сын – 12 ақпан. 13 ақпанда із кесу жарысы өтеді. 15 ақпан – ерлер эстафетасы бастау алса, 16 ақпанда әйелдер эстафетасы ұйымдастырылмақ. 18 ақпанда ерлер арасындағы масс-стартты тамашалауға болады. Жарыстың бұл түрі әйелдер арасында 19 ақпанда өтеді. Айта кету керек, биатлоншылар додасы Ұлттық биатлон орталығында ұйымдастырылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!