АҚШ-тың Цинциннати қаласында жалауы желбіреген халықаралық турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жеңіске жетті.
Әлемнің 27-ші ракеткасы Елена Рыбакина тұсаукесер кездесуінде Майар Шерифпен шеберлік байқасты. WTA рейтингінде 60-сатыға жайғасқан Мысыр елінің өкілі жерлесімізге лайықты қарсылық көрсете алмады. 1 сағат 12 минутқа созылған сайыс 6:3, 6:2 есебімен аяқталды. Енді Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Гарбинье Мугурусамен шеберлік байқасады. Кеше түнде Юлия Путинцева америкалық Мэдисон Кизбен күш сынасты. Сондай-ақ осы турнирге Александр Бублик те қатысуға тиіс еді. Алайда ең соңғы сәтте отандасымыз Цинциннатиге барудан бас тартты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!