Жаңақорған ауданы ішкі саясат бөлімінің аудандық жастар ресурстық орталығының әлеуметтік тапсырысы аясында аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен «Қызылорда облысының жастар одақтары» ҚБ-нің ұйымдастыруымен WORKOUT және STREETBALL жарыс түрлерінен 14-28 жас аралығында сайыс өтті.
WORKOUT жарысына барлығы 22 жас қатысса, жеңімпаз STREETBALL жарысында 6 ұлдар командасы, 4 қыздар командасы бақ сынасты. Жеңімпаз атанған командалар және жекелей жарысқа қатысқандар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!