Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен
Антикор туризм және спорт министрлігін тексеру барысында кәсіпқой спортты қаржыландыру саласында елеулі заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Еліміздегі жетекші командаларға бөлінген қаражат түсініксіз бағыттарға жұмсалғаны анықталды.
«Самұрық-Қазына» АҚ қорының қаражатын спорт федерациялары мен кәсіпқой клубтарының тиімсіз пайдаланғаны анықталды. Клуб ойыншыларына негізсіз төлем жасалып, басшылардың жалақысы көтерілген. Оқу-жаттығу жиындарының атын жамылып, 5 жұлдызды қонақүйлерде демалған.
6 жыл ішінде «Самұрық-Қазына» 138 млрд теңге демеушілік қаражатын 4 кәсіпқой клубқа («Астана” ФК – 50,1 млрд, «Барыс» ХК – 48,8 млрд, Astana Qazaqstan Team велокомандасы – 31,5 млрд, «Астана» баскетбол командасына – 8 млрд) бөлген», – делінген Антикор хабарламасында.
Айта кетейік, «Астана» футбол клубы 2018 жылдан бері екі рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне және бір рет Конференция лигасының топтық кезеңіне өткен.
Сол жылдары «Барыс» хоккей клубы бір рет Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінің ширек финалына шығып, үш рет Гагарин кубогына жолдама ала алмады.
«Астана» баскетбол командасы ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф кезеңіне алты маусымда бір рет қана шықты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!