Фото: Сали Сабиров/ҰОК
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Ольга Сафронова жартылай финалға өте алмады, – деп хабарлады Қазақпарат.
Ол 200 метрге жүгіру сайысының іріктеу кезеңінде бақ сынады. Ольга белгіленген межені 23,58 cекундта бағындырып, мәреге соңғы болып жетті.
Алайда, отандасымыздың жұбаныш кезеңіне қатысып, жартылай финалға өтуге әлі де мүмкіндігі бар.
Тағы бір жеңіл атлетіміз Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысының іріктеу кезеңінде бақ сынады. Қазақстандық спортшы өз тобындағы сегіз атлеттің ішінде мәреге жетінші болып келді. Оның көрсеткіші – 13,88 секунд. Өкінішке қарай, Ефремов жартылай финалға өтпей қалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!