KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Әлішер Әбдуәлім (4-0, 2 КО) Таразда өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Әбдуәлім өзбекстандық Асрорбек Рахимовқа (6-3, 4 КО) қарсы шықты. Бұл жекпе-жек бірінші орта салмақта өтіп, сегіз раундқа жоспарланған. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық жеңіске мерзімінен бұрын жетті, ол қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді.
Осылайша Әлішер Әбдуәлім кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісіне қол жеткізіп, жеңілмей келеді. Қарсыласына келсек, Асрорбек Рахимов кәсіпқой мансабындағы төртінші жеңілісіне ұшырады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!