Германияның Инсбурк қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер командасы жүлдегерлер қатарына енді.

Спортшылар командалық спринтте қола медаль иеленді. Бәсекеде Нидер­ланд алтын, Оңтүстік Корея күміс жүлде жеңіп алған. Бұл – аталған әлемдік сында Қазақстанның жеңіп алған екінші жүлдесі. Бұған дейін Алина Дауранова 1000 метрге жүгіруден күміске қол жеткізген болатын.

Бұдан бөлек, Бейжің төрінде коньки­мен жүгіруден ел намысын Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Иван Аржаников және Денис Кузин қорғайды. Қазақстан ұлттық олим­пиада комитетінің мәліметінше, қазір спортшылар Қытайдың Ұлттық коньки­мен жүгіру стадионында жаттығуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!