фото: «Жетісу» волейбол клубы
Енді талдықорғандық команда клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысады. Талдықорғанның «Жетісу» әйелдер волейбол клубы тарихында алғаш рет Азия чемпиондар лигасында топ жарды, деп хабарлайды 1bol.kz.
Бүгін олар финалда Вьетнамның ВТВ «Биньдьен Лонган» командасын жеңді. Ойын төрт партияға созылды. Вьетнам клубы тек екінші кезеңде ғана басымдыққа ие болды. Қорытынды есеп – 25:14, 20:25, 25:23, 25:18.
Айта кетейік, бұған дейін «Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының финалында екі рет (2010, 2013 жылдары) ойнап, екі мәрте күміс жүлде алған болатын. Енді талдықорғандық команда клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысады.
Жалпы, «Жетісу» Қазақстаннан осы жарыста жеңіске жеткен төртінші команда. Бұған дейін Алматының «Рахаты» екі рет, Өскеменнің «Алтай» клубы мен Петропавлдың «Қуанышы» бір-бір рет чемпион атанған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!