Фото: ҚТФ

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп жазады KAZINFORM

Жекелей сында ТОП-10-да ешқандай өзгеріс болған жоқ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2-орында қалды.

Юлия Путинцева 72-ден 74-ке сырғыса, Зарина Дияс 306-сатыда тұр.
Өткен аптада Үндістандағы ITF W15 турнирінде жартылай финалға дейін жеткен Жібек Құламбаева 422-ден 406-ға көтерілді.

Аружан Сағындықова 768 (+1), Соня Жиенбаева 1 023-сатыда (-4) тұр. 

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 7-орнын сақтаса, Чарльстон (АҚШ) WTA 500 жарысының жартылай финалына дейін барған Юлия Путинцева 207-ден бірден 142-орынға жоғарылады. 

Қазіргі кезде Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері А.Данилина, А.Сағындықова және С. Жиенбаева Астанада Билли Джин Кинг кубогы аясында 10-11 сәуірде Канадамен өтетін матчқа елордада дайындалып жатыр. Жібек пен Юлия бүгін келеді.

Ерлер арасында Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингісінде Александр Бублик бұрынғыша 11-сатыда. 

Александр Шевченко 76-дан 77-ге ауысса, Тимофей Скатов 202-ден 198-ге шығып, ТОП-200-ге қайта кірді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!