KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 309-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W35 турнирінің 1/8 айналымына шықты.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген 25 жастағы теннисші бастапқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 758-орында тұрған ресейлік Евгения Бурдинадан айласын асырды.

Жібек 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Тартысты бәсеке 2 сағат 6 минутқа созылды.

Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 487-ракеткасы, беларусьтік Юлия Готовкомен таласады.

Өткен аптада Куршумлия-Банядағы осындай додада жекелей сында Ж.Құламбаева жартылай финалға дейін жетіп, ресейлік Алина Чараеаваға жол берген еді – 6:4, 4:6, 1:6.

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 306-орынға көтеріліп тұр. Алдағы матчтарын сәтті өткізсе, ТОП-300-ге кіруге мүмкіндігі бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!