KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 309-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W35 турнирінің жартылай финалына өтті.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда рейтингіде 497-орында тұрған ресейлік Арина Булатовамен кездесті.
Бірінші партияда Жібек 6:1 есебімен айқын басымдылық танытты.
Екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.
Бәсеке 1 сағат 22 минутқа созылды.
Жібек Құламбаева финалға шығу үшін әлемнің 310-ракеткасы, Солтүстік Македония өкілі Лина Джёрческа немесе рейтингіде 514-сатыдағы ресейлік Анастасия Золотарёваның қай жеңгенімен таласады.
Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 302-орынға көтеріліп тұр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!